Түркістан облысында департамент басшысы тағайындалды

0
1 782

Түркістан. Жаңадан тағайындалған департамент басшысын облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жеке қабылдап, оның жұмысына сәттілік тіледі.


Түркістан облысында департамент басшысы тағайындалды

ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы болып Ерболат Мақсұтханұлы Ыбрайханов тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерболат Ыбрайханов 1981 жылы 2 қаңтарда Қызылорда облысында туылған. М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ және «Болашақ» бағдарламасымен «University of Nottingham» жоғары оқу орындарын экономист-финансист, заңгер, мемлекеттік саясат мамандықтары бойынша тәмәмдаған.

Ерболат Мақсұтханұлы осыған дейін Әділет министрлігінде экономист, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде басқарма басшысы, сондай-ақ аталған агенттікке қарасты өңіраралық инспекция басшысы, Қарағанды облысы бойынша Антимонополиялық инспекциясының жетекшісі және Алматы қаласы бойынша тұрғын үйді басқару және тұрғын үй инспекциясы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Жаңадан тағайындалған департамент басшысын облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жеке қабылдап, оның жұмысына сәттілік тіледі.