Түркістан облысында ереже бұзатын қоғамдық көлік жүргізушілері көп

0
585

Қоғамдық көлік құралдарының санитарлық, техникалық жағдайын да тексереді.


Түркістан облысында ереже бұзатын қоғамдық көлік жүргізушілері көп

Түркістан облысында «Автобус» іс-шарасы кезінде 2000-ға жуық хаттама толтырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2022 жылдың 21 ақпаны мен 2 наурыз күндері аралығында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Мұндағы мақсат – облыс аумағындағы автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында тәртіпті арттыру.


Аталған іс-шара барысында Түркістан облысының полицейлері қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты 1793 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. Нақтырақ айтсақ, «Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу» бойынша 213 жайт, «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша 78 дерек тіркелсе, «Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы» бойынша 396 жайт тіркеліп, хаттама толтырылды.


Сонымен қатар, «Маневр жасау қағидаларын бұзу» бойынша 317 дерек анықталса, «Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу» бойынша 76 жайт тіркеліп, хаттама түзілген. Міндетті техникалық байқаудан өтпеудің 229 және рейс алдындағы ТҚК және медициналық байқаудан өтпеудің 25 жайты анықталды. Мас халде қоғамдық көлік тізгіндеген 5 жүргізуші ұсталып, 76 көлік айыптұраққа қойылды. Жалпы, іс-шара 2 наурызға дейін жалғасады.


Айта кетсек, тәртіп сақшылары қоғамдық көлік құралдарының санитарлық, техникалық жағдайын тексереді. Оның ішінде, заңсыз қайта жабдықталған, құрылысы келмейтін автобустар, жолаушылар мен жүктерді тасымалдайтын жүргізушілерді анықтайды. Сондай-ақ шетел азаматтарын заңсыз тасымалдаумен айналысатын автокөлік иелері де әкімшілік жауапкершілікке тартылады.