Келтірілген шығын 1,5 миллион теңгеден астам қаржыны құрайды.
Түркістан облысының полицейлері көлік жуу бекетіндегі ұрлыққа қатысты күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ERNURR.KZ.
Сарыағаш АПБ кезекші бөліміне көлік жуу бекетінен әлдекімдер бір жарым миллион суммадан астам құрылғыны ұрлағандығын айтып, жергілікті тұрғын шағымданған. Бұл жайт ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» қылмысы бойынша СДТБТ тіркелген. Полицейге берілген баламалы арыздар бойынша ұрының құрбаны болған басқа да жәбірленушілер анықталып жатыр.
Осы жайтқабайланысты Сарыағаш АПБ қызметкерлерінің жедел-іздестіруі барысында екі күдікті қолға түсті, жергілікті тұрғындары болып табылатын бұл екі қылмыскердің біреуі бұрын сотты болған. Бөтеннің мүлкін ұрлаудың 9 дерегіне қатысты тергеу жүргізіліп, көлік жуу бекетін қалай бұзып, әртүрлі техникалар мен басқа да құнды заттарды қайдан ұрлағаны анықталған. Қылмыскерлер ұрлаған мүлікті сатып, ақшасын өз қажеттеріне жұмсаған. Келтірілген шығын 1,5 миллион теңгеден астам қаржыны құрайды.
Қазір ұрланған мүлік бөлігі заңды иесіне қайтарылып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал күдіктілер қамауға алынды.
дереккөз: Түркістан облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі