Түркістан-Бәйдібек. Айта кетейік, жоба құны – 15 миллион доллар. Сондай-ақ өңірде шағын жел электр станцияларына арналған құрылғыларды өндіретін зауыт салу жоспарда бар.
Алдағы уақытта Түркістан облысында күн электр станциясы салынатын болды. Құрылыс жұмыстары алдағы он ай ішінде аяқталуы тиіс, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бұл туралы Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған форумда айтылды.
Форум барысында тараптар тиісті меморандумға қол қойды. Айта кетейік, жоба құны – 15 миллион доллар. Сондай-ақ өңірде шағын жел электр станцияларына арналған құрылғыларды өндіретін зауыт салу жоспарда бар.
Түркістан облысы Бәдібек ауданы мен KK-Kiunsen атты Корей инвестициялық компаниясы арасында келісім жасалды.Ендігі кезек KK-Kiunsen компаниясы мен ЖШС "РФЦ" арасында жаңартылатын күн сәулесі арқылы өндірілетін электр энергиясын 15 жыл бойы сатып алыну туралы келісім шартқа қол қойылады.
Жобаны іске асыру барысында 200 гектар жер телімі Бәйдібек ауданы әкімшілігінен бөлінді.
Қаржыландыру мәселесі Корей елі тарапынан асырылады.
Аталмыш мәселеге қатысты KK-Kiunsen комнаиясының президенті Джон Енг Сун:
– Былтыр Астанада халықаралық ЕХРО көрмесінің өткенін білеміз. Сондықтан Қазақстанда баламалы қуат көздеріне ерекше мән берілетіні белгілі. Мұнда осы сала бойынша бірқатар жобаны жүзеге асыруға болады. Ол үшін жақсы жағдай жасалған. Корея технологиясы мен Қазақстанның мүмкіндігін қосқанда, әлемдік дәрежедегі тауар өндіруге болады,- деп пікірін білдірген болатын.
Ал, Түркістан облысы Бәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов болса:
– Құрылатын станция 10 мегаваттық болады. Болашақта оның көлемін ұлғайу мәселесі бар. Тұтынатын Түркістан облысының аймақтары болып есептеледі,- деп ойын тиянақтады.