​Түркістан облысында күрд этносының тілі мен мәдениеті күні тойланды

0
1 970

Күрді халқының Түркістан облысына қоныстануы 1937-1945 жылдар аралығында Кеңес үкіметі жүргізген депортациямен байланысты.


​Түркістан облысында күрд этносының тілі мен мәдениеті күні  тойланды

Түркістан облысы әкімі аппаратының ассамблея хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ және облыстық күрді этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Төлеби ауданы Сұлтан Рабат елдімекенінде күрді этносының тілі мен мәдениеті мерекесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы Түркістан облысы әкімі аппаратының Қоғамдық келісім мекемесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған шараға Төлеби ауданының әкімі Б.Омарбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Шыңғысбаев, облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ басшысының міндетін атқарушы З.Үсіпахметов қатысып сөз сөйледі. Биыл күрд этносының Қазақстан Республикасында департацияланғанына 80 жыл болып отыр. Осы уақыттар арасында қазақ халқы мен күрд халқы емен жарқын араласып бейбіт күнде өмір сүріп келеді.

Облыста тұрып жатқан күрдтер өздерінің дәстүрі мен мәдениетінің ерекшеліктерін сақтай отырып, барлық этностар өкілдерінің арасындағы достық, бірлік пен түсіністік саясатын жүзеге асырып келеді.
Күрді халқының Түркістан облысына қоныстануы 1937-1945 жылдар аралығында Кеңес үкіметі жүргізген депортациямен байланысты. Облыс аумағында 9 554 күрді, оның басым бөлігі Төлеби ауданында (2703), Сайрам ауданында (2 023), Бәйдібек ауданында (1 491) тұрады.
Бүгінгі таңда Күрд тілінде кітаптар, көркем және оқу әдебиеттері, «Нубар» әдеби-көркем журналы мен «Жийана курд» газеті шығып тұрады. Түркістан облыстық күрді этномәдени бірлестігінің жанында ұлттық және мемлекеттік тілдерді оқытатын жексенбілік мектептер ұйымдастырылған.
Ауыз бірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. "Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек.