Түркістан облысында қызметкерлердің әдеп нормаларын бұзуы азайған

0
1 039

Заңбұзушылықтарға жол берген мемлекеттік органдардың 10 қызметкері түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.


Түркістан облысында қызметкерлердің әдеп нормаларын бұзуы азайған

Түркістан облысында әдеп нормаларын бұзу дерегі бойынша 2020 жылдың І-жартыжылдығында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тәртіптік істер 50%-ға азайған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Айбек Шілманов ауылдық округтердің әкімдеріне өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде кез-келген «Б» корпусы лауазымдарына конкурстық іріктеусіз орналасу құқығы берілгендігін айтты.

«А» корпусының кадр резервін қалыптастыру және оған іріктеу тәртіптері алынып тасталды. Сондай-ақ, ауылдық округтердің әкімдері аппараттарында жұмыс істеуге ниет білдірген азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында оларды «Дипломмен ауылға» бағдарламасына енгізу көзделуде. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен елімізде алғаш рет өткізілген «Үздік ауыл әкімі» Республикалық конкурсының өңірлік кезеңі аяқталды. Өңірлік комиссия тарапынан ең көп балл жинап, өзгелерден озық шыққан 1 кезеңнің жеңімпазы болып Жетісай ауданының Жаңа ауыл ауылдық округі әкімі – Бахтияров Нұрлыбек Пердебекұлы анықталған болатын», - деді департамент басшысы.

Сондай-ақ, әдеп нормаларын бұзу дерегі бойынша 2020 жылдың І-жартыжылдығында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тәртіптік істер 50%-ға азайған. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілікке тартылу дейгейі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13%-ға кеміген.

Бұдан бөлек, департаментпен 2020 жылдың І-жартыжылдығында мемлекеттік қызмет көрсету заңнамасын сақтау мәселесі бойынша 17 тексеру жүргізіліп нәтижесінде 208 заңбұзушылық анықталған. Оның басым бөлігі жер қатынастары (73%), халықты әлеуметтік қорғау (12%), сәулет және құрылыс –(3%), білім (3%) салаларында орын алған. Бұл ретте, Департамент ұсынысымен заңбұзушылықтарға жол берген мемлекеттік органдардың 10 қызметкері түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.