Туризмді дамыту үшін мектеп оқушыларының елге, жерге деген құрметін арттыру мақсатында «Өлкетану» жобасы жүзеге асатын болады.
Бұған дейін Түркістан облысындағы шаруалар мақтаның 1 келісін 170 теңгеден өткізіп келген болатын. деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы 24.kz арнасына сілтеме жасап.
Енді жергілікті билікпен мақта өңдеу кәсіпорындары бірлесіп, әрі диқандардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында 1 килограмм мақтаның бағасын 180 теңгеден қабылдау белгіленді. Сондай-ақ өңірде өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспорт көлемін ұлғайтуға баса назар аударылмақ. Елбасының биылғы жолдауында еңбек өнімділігі мен қайта өңделген экспорт көлемін 2,5 есеге ұлғайту міндеті жүктелген болатын. Сондықтан Түркістан облысында мақта шаруашылығымен айналысатын шаруалардың тұрмыс-тіршілігін түзеп, алажаздайғы еңбегінің өтеуін арттыру мақсатында жаңа жобалар қолға алынды. Мәселен, бұған дейін шаруалар мақтаның 1 кг 170 теңгеден өткізіп келсе, енді мақта өңдеу кәсіпорындары 180 теңгеден қабылдайды. Одан бөлек 1 кг мақтаға 12 теңге субцидия төлеу жоспарланып отыр. Сонда мақтаның 1 кг 192 теңгеден айналады. Бұл облыстағы мақта шаруашылығымен айналысатын 25 мың диқанның шаруасын түзеп, еңсесін тіктеуге сеп болмақ.
Нұрбек Бадырақов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының м.а:
- Елбасымыздың биылғы жолдауында да еңбек өнімділігі мен қайта өңделген экспорт көлемін 2,5 есеге арттыру тапсырмасын тағы да нақтылап айтты. Яғни біз 2,5 есеге арттыру мақсатында облыстың даму концепциясын әзірледік. Осы бағытта біз 2022 жылы әр шаруаға жан басына шаққанда еңбек өнімділігі 2,5 есеге артатын болады. Оны қалай жүзеге асырамыз, шаруаларды оқыту тәжірибесін арттыру арқылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолданылатын технологияларды арттыру арқылы біз осы 2,5 есе өнімділікке қол жеткізетін боламыз.
Сондай-ақ Елбасы өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортқа алдағы 3 жылда 500 млрд теңге бөлуді тапсырды. Әрі Ұлттық банкке де осы салаға кемінде 600 млрд теңге қаржы бөлу міндеттелді. Бұл – жері аз, халқы тығыз орналасқан оңтүстік өңір үшін өте маңызды шешім. Себебі бәсекелестік күшті. Бұдан бөлек облыста туризмді кешенді дамыту ісі қолға алынып, нақты жобалар түзілді. Мәселен, мектеп туризмін дамыту арқылы «Өлкетану» жобасы жүзеге асырылатын болды.
Балмаржан Нарбекова, облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы:
- Біз өзіміздің елімізде қай жерде не бар екенін білуіміз қажет. Туризмді дамыту үшін мектеп оқушыларының елге, жерге деген құрметін арттыру мақсатында «Өлкетану» жобасы жүзеге асатын болады. Біз, Түркістан облысның жастары бұл жобаны ары қарай тек өзіміздің облыста ғана емес, бүкіл Қазақстан жастарының Түркістан облысына келіп, біздің «Рухани жаңғыру» бағдарламасына енген жерлерді таныстыратын боламыз. Сондай-ақ Елбасы өз жолдауында жастарды ауылға тарту үшін «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске қосуды тапсырды. Бұл өз кезегінде «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында мектеп туризмінің қайта жаңғыруына жол ашады. Ал Түркістан облысында бұл бағыттағы шаралар қазір пысықталып, талқылану үстінде.