Түркістан облысында шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
445

Аталған бағыттағы жұмыстарды қамтамасыз ету үшін 42 техника, 96 жұмысшы жұмылдырылған.


Түркістан облысында шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Түркістан облысы аумағында шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстары аясында өңірдегі БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы аумағында шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстары аясында өңірдегі БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур өтті. Тур аясында журналистер Арыс қаласындағы Байырқұм ауылына барды. Түркістан облысында биыл өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстары басталып кетті.


«Бүгінде Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Отырар, Шардара, Мақтаарал, Келес аудандарында дезинсекция жұмыстары жүргізілуде. Биыл өңірде дәрілеу және ғылыми сүйемелдеу жұмыстары үшін облыстық бюджет есебінен 655 млн.теңге бөлінген. Аталған бағыттағы жұмыстарды қамтамасыз ету үшін 42 техника, 96 жұмысшы жұмылдырылған. Қазіргі таңда 10 мың тоннадан астам биологиялық бактицид препаратын суға себу жұмыстары жүргізілген»,- деді облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Дәулетқұл Тайшыман.


Еске сала кетсек, облыста шіркейлермен күресу үшін ақпан айынан бастап ғылыми сүйемелдеу жұмыстары жүргізілген болатын. Одан бөлек, наурыз-сәуір айларында алғашқы биологиялық дәрілер суға себілген.