Түркістан облысында табиғи шырын өндіретін зауыт іске қосылды

0
1 907

Өнімдер еліміздің барлық аймағына таратылады


Түркістан облысында табиғи шырын өндіретін зауыт іске қосылды

иллюстрацтялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Түркістан облысы Қазығұрт ауданында бақша өнімдерінен шырын өндіретін кәсіпорын іске қосылды.

Қазығұрттағы екі гектар аумақты алып жатқан жобаның жалпы құны 589 млн. теңгені құрайды екен. Бұл істі «Көрік ШҚ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолына алған. Серіктестік директорының айтуынша, «Делис» сауда белгісімен шығатын алкольсіз сусын химиялық қоспасыз дайындалатындығымен ерекшеленеді.

Сондай-ақ, «Қазығұрт» индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорын тәулігіне 8 тонна өнім шығаруға қауқарлы. Ал, өндіріске пайдаланатын жеміс жидектер аудан аумағынан табылады екен. Мұнда алма, алмұрт, қызанақ, сәбізден шырынның төрт түрі жасалып, дайын өнім еліміздің барлық аймағына таратылатын болады.

Аталған мекемеде 21 азамат жұмыспен қамтылып, шағын зауыт заманауи технологиямен жабдықталған. Келешекте іс ілгері басса, кәсіпорын өнім көлемін арттыруды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, «Қазығұрт» индустриалдық аймағында 13 гектар жерге жалпы құны 2,3 млрд. теңгелік 7 жоба жүзеге асырылуда. Онда 173 жергілікті тұрғын еңбек етеді. Биыл тағы қосымша 3 жоба жүзеге асады деген меже қойылған.

Ақпарат көзі: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі