Барлық елдімекенді 2024 жылға дейін 100% табиғи газбен қамту жоспарланып отыр.
Түркістанда дойбыдан көру және есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында ел чемпионаты басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен елді мекендерді газбен қамту, осы саладағы «сақалды құрылыстарды», жобаларды аяқтау жұмыстары жүріп жатыр. Нәтижесінде газбен қамту көрсеткіші ұлғаюда.
Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылдық округіне қарасты Тоған елді мекенінде 200-ден астам тұрғын табиғи газға қосылды. Елді мекенде 48 жеке үй, 1 бюджеттік мекеме бар. Жобадағы жалпы құбыр ұзындығы – 11,5 шақырым. Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бахытбек Хасанов, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның басшылығы тұрғындарды құттықтады. Тоғандықтар ризашылықтарын білдіріп, ауыл ақсақалдары ақ батасын берді.
«Ауылға жасаған игі істеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Осы уақытқа дейін жыл сайын тонналап көмір сатып алатынбыз. «От жағу, күл шығару» деген бейнеттен құтылдық. Рамазан айы бәрімізге жақсы жаңалықты әкелді. Қуанышымызға шек жоқ», – деді тұрғындар.
«Сайрам аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің тапсырысы бойынша нысанның құрылысы 2018 жылы басталып, мердігер мекеме «Құрылыс энерго KZ» ЖШС-і тарапынан толығымен аяқталды.
Газ құбырларының қауіпсіздігін тексеріп, қосу жұмыстарын жүргізген «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның мамандары тұрғындарға тиісті кеңестерін берді. Табиғи газ құбырының қосылу нүктесі Сайрам ауданы, Арыс ауылдық округі, Жаңақоғам елді мекеніндегі №20 «Жаңақоғам» АГТС-нан алынады.
«Жаңақоғам» автоматты газ тарату станциясының қуаты – 75 000 м3/сағ. Аталған АГТС 23 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін 2020 жылы іске қосылған болатын. Қазіргі таңда 23 елді мекеннің 13-і табиғи газбен қамтамасыз етілді.
Жақын күндері ауыл округі, Таскешу елді мекенінде 310 үй табиғи газға қосылмақ. Сонымен қатар Қасымбек датқа ауылында орналасқан коммуналдық меншіктегі көпқабатты тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 9455,79 мың теңге қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда газға қосу жұмыстары іске асырылуда.
Аудан аумағындағы жалпы 42 елдімекеннің бүгінгі таңда 33-і табиғи газбен қамтамасыз етілген. Қамту көрсеткіші 78,5 %-ға жетті. Барлық елдімекенді 2024 жылға дейін 100% табиғи газбен қамту жоспарланып отыр.