Түркістан облысында «Тілге құрмет – елге құрмет» байқауы өтті

0
831

Мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт жастары қатысты.


Түркістан облысында «Тілге құрмет – елге құрмет» байқауы өтті

Түркістан облысында мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт жастары арасында «Тілге құрмет – елге құрмет» байқауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Алғыс айту» күніне орай мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт жастары арасында «Тілге құрмет – елге құрмет» байқауы өтті. Бұл сайысқа аудандардан 16 өнерлі де білімді үміткерлер қатысып, бақ сынады.


Үміткерлердің білімі мен өнерін сарапқа салған қазылар алқасы үш кезеңнен де сүрінбей өткен жүлдегерлерді анықтады. Нәтижесінде өнері өрге жүзген, қатысушы үміткерлер арасынан Сарыағаш ауданының тұрғыны, тәжік ұлтының өкілі Ташметова Навруза Мирзаюсупқызы суырылып шығып, «Бас жүлде» иегері атанды.