Түркістан облысында тойға кеткен отбасының үйін тонап кетті

0
1 429

​Жалпы құны 8 716 000 тг болатын затын тонап кеткен


Түркістан облысында тойға кеткен отбасының үйін тонап кетті

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Сарыағаш ауданы, Қызылжар ауылдық округінде, Қызылжар ауылы Ахмет би көшесін № 57 үй тұрғыны Құлтаев Арапбай Қыдырбайұлының үйін тонап кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Осы жылдың 1 қазанында Сарыағашта үй иелері тойға кеткенде үйінің терезесін және темір қоршауды сындырып үйіне заңсыз кіріп, жатын бөлмесіндегі темір жәшігін (сейфін) жымқырып алып кеткенін көрсеткен.

Ұрланған темір жәшіктің ішінде 3 500 000 теңге ақша, 1 200 АҚШ доллары, құны әр қайсысы 150 000 теңге тұратын 3 дана алтын моншағы, 3 дана жалпы құны 250 000 тг тұратын алтын білезіктер, 10 дана жалпы құны 300 000 тг тұратын алтын сақиналар, құны 100 000 тг 4 дана алтын сырғалар, «Сайга 410К» маркалы №Н04240332 санды 410-калибрлі құны 130 000 теңгелік мылтығы және «Самсунг-Галакси Ж-5» маркалы ұялы телефонды жымқырып алып кеткен.

Аталған қылмыс бойынша іс тіркеуге алынып, күдікті іздестірілуде.