Жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандардың арасында емшектегі сәби бар.
Түркістан облысында үш адамның өмірін қиған жол апаты орын алды деп, хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Қаза тапқандардың арасында емізулі нәресте бар.
Бүгін 12 қараша күні таңғы сағат 9.00-де Алматы-Ташкент-Термез автожолының 725 шақырымында "DaewooNexia" автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, металл бағанаға соғылып, жол шетіне аударылған. Қатты соққы салдарынан оқиға орнында жүргізушінің үш туысы, соның ішінде кішкентай бала көз жұмды. Жүргізушінің өзі және тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі таңда жол көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бұл туралы Түркістан облыстық полиция департаментінің басшысы Қайрат Дәлбеков фейсбуктегі парақшасында жазды.