Түркістан облысының әкімі моңғолиялық саятшы қыз бен өңір спортшыларына тосынсый жасады (фото)

0
2 942

Фестивальге Моңғолиядағы саятшы қыз Айшолпан Нұрғайып арнайы шақырылды.


Түркістан облысының әкімі моңғолиялық саятшы қыз бен өңір спортшыларына тосынсый жасады (фото)

Биылғы жылы тұңғыш рет өткізіліп отырған SAFARI SHARDARA фестиваліне Түркістан облысы әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев пен республика, облыс зиялылары қатысып жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Сонымен қатар қазақтан шыққан алғашқы саятшы қыз, саятшылық өнерді әлемдік деңгейде насихаттап жүрген Нұрғайып Айшолпан Нұрғайыпқызы да Монғолиядан арнайы шақырылып облыс әкімінің қаржылай сыйлығына ие болса өңір спортының дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген спортшыларға темір тұлпарлардың кілттері табыс етілді.

Сонымен қатар, туризмді дамыту және өскелең ұрпаққа құм қойнауында бүркіт пен қаршығаға құс ілдіріп, түлкі салдырған саятшылық өнерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған саятшылық жарыстары мен қызылқұмның маңғасы саналатын түйелер жарыстары өткізілді.

"Жылдан жылға ауданымызда ата-бабамыздан келе жатқан түйе шаруашылығын дамыту ісі жақсы қолға алынып келеді. Мінсең көлік, кисең киім болатын түйенің сүті де, еті де, тіпті, жүнінің өзі адам денсаулығына пайдалы. Сондықтан ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүріміз бен өнерімізді қайта жаңғыртуды қолға алып отырған облыс басшысы Жайсейіт Түймебаев пен аудан әкіміне алғысымыз шексіз", - дейді Тәжібай ақсақал.

Айта кетейік, сексенге жақындаған Тәжібай Нарбаев түйе шаруашылығын атадан мұраға алып, ауданда кеңінен дамытып, насихаттап келе жатқан жандардың бірі. Бүгінде өзіне қарасты түйе шаруашылығында 20 бас түйе ұстап, жемісін көріп келе жатқандардың бірі.