Түркістан облысының әкімі ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарымен кездесті

0
1 263

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары Фахриддин Қаратаев пен Сапархан Омаровты қабылдады.


Түркістан облысының әкімі ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарымен кездесті

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары Фахриддин Қаратаев пен Сапархан Омаровты қабылдады деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен Президенттің 5 әлеуметтік бастамасының орындалуы сөз болды. Аймақ басшысымен болған кездесуде Мәжіліс депутаттары жұмыс сапарларының мақсат жоспары жайында айтып берді. Облыс әкімі депутаттардың еліміздің дамуына елеулі үлес қосып жатқандығын айтып, осындай ауыр да, жауапты жұмыстарына табыс тіледі.

Өңірге жасаған сапары барысында халық қалаулылары аудан-қалаларды аралап, Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын халыққа кеңінен түсіндіреді. Сонымен қатар Үкімет тарапынан жүргізіліп отырған мемлекеттік бағдарламалардың өңірде жүзеге асырылуын пысықтамақ.