Түркістан облысының оқушылары жүлделі орындардан көрініп жүр

0
983

Түркістандық білімпаздар жүлдегерлердің қатарында.


Түркістан облысының оқушылары жүлделі орындардан көрініп жүр

Түркістан облысының оқушылары үлкен жетістерге жетіп, білім бәсекелерінен жүлделі орындарды иеленуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Түркістан қаласында өтіп жатқан «Адами капиталды дамытудың көзі ретінде қазақстандық білім беру мазмұнын жаңарту» тақырыбында педагог қызметкерлердің облыстық Тамыз кеңесінде айтылды.
Түркістан облысының 24513 мектеп бітірушісінің Ұлттық бірыңғай тестілеуге 15662-і (63,8%) қатысты. Биылғы оқу жылы Сарыағаш ауданындағы №37 Б.Майлин атындағы жалпы орта мектебінің «Алтын белгі» иегері Жұбай Қасымжан Әділжанұлы 140 бал жинап, ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша республикада жоғары нәтижеге қол жеткізсе, 139 балға Қазығұрт ауданының түлегі Амандықова Маржан Бауыржанқызы ие болды.
Сондай-ақ, 2018-2019 оқу жылында 138 оқушы халықаралық және республикалық жарыстарда жүлделі орындарға қол жеткізсе, білім сайыстарындағы дарынды оқушыларымыз Түркістан облысының қанжығасына 18 алтын, 26 күміс, 44 қола медальды әкелген болатын. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 38 медальға артық.
Сонымен қатар, 2019 жылғы 15-25 сәуір аралығында «WorldSkills Turkestan - 2019» чемпионатының облыстық кезеңі 17-22 жас аралығындағы студенттер арасында 33 құзыреттілік бойынша өткен болатын. Аталған чемпионатқа 47 колледжден 233 студент қатысты. Алтын медальға ие болған студентіміздің бірі Дамир Искандаров. Ол енді Ұлттық құрама қатарында 22-27 тамыз күндері өтетін халықаралық «WorldSkills Kazan - 2019» чемпионатында өз бағын сынайтын болады.