Шақпақ құрама командасымен бірге сайлау учаскесіне ұлттық нақыштағы көкпар киімі мен атпен келген спортшыларды ауыл жұртшылығы ерекше ықыласпен қарсы алып, қошемет көрсетті.
Бүгін елімізде өтіп жатқан Мәжіліс және мәслихат депутаттарын таңдау сайлауында түлкібастық жас шабандоздар да белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шақпақ-баба ауылындағы №792 сайлау учаскесіне командасымен келген жас шабандоздардың қатарында биыл алғашқы рет саяси науқанға қатысып, елінің болашағы үшін өз таңдауын жасағандардың қатарында көкпардан Қазақстан Республикасының жастар құрамасының белді мүшесі, еліміздің чемпионы Асылжан Мамыт та бар.
Шақпақ құрама командасымен бірге сайлау учаскесіне ұлттық нақыштағы көкпар киімі мен атпен келген спортшыларды ауыл жұртшылығы ерекше ықыласпен қарсы алып, қошемет көрсетті.
Он сегіз жасқа толып, алғашқы дауысын беріп жатқан Асылжан Наурыз мерекесі қарсаңында өтіп жатқан саяси науқанға ұлттық киім киіп, атпен келуін ұлттық салт-дәстүрді насихаттау мақсатында істеліп жатқан әрекет екенін жеткізді.
Айта кетейік, Түлкібас ауданына бекітілген 60 сайлау учаскесіне 60 166 сайлаушы тіркелген. Сайлау күні мүгедектігі бар жандарға да тиісті жағдай жасалған. Барлық өңірдегі сайлау учаскелерінде Брайль шрифті бар трафареттер, кандидаттар тізбесі бар бюллетеньдердің аудио нұсқалары қолжетімді.