ТҮРКІСТАН: Өңірлік өнім көлемі 3,6 трлн. теңгеге жеткізіледі

0
956

Түркістанды дамытудың екінші кезеңі жүріп жатыр.


ТҮРКІСТАН: Өңірлік өнім көлемі 3,6 трлн. теңгеге жеткізіледі

Түркістан қаласын дамыту жұмыстары тұрақты түрде атқарылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани-мәдени орталығы ретінде дамыту жұмыстары атқарылуда. Ол үшін арнайы кешенді жоспар әзірленіп, Үкіметпен бекітілген.


Атап өтсек, соңғы 3 жылда атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде Түркістан қаласын дамытудың 1-кезеңі аяқталып, негізгі әлеуметтік-инфрақұрылымы қаланған. Жалпы 445 млрд. теңгеге жаңа 251 жоба іске асып, 123 нысанның құрылысы аяқталды. Халықаралық әуежай, Әкімшілік-іскерлік және Рухани-мәдени орталықтары салынды, оларды өзара байланыстыратын Б.Саттарханов даңғылы қайта жөндеуден өтті. Арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар құрылды. Қала аумағына Жасыл белдеу орнату мақсатында 13 мың га жерге 3,5 млн. түп ағаш егіліп, толық газдандырылды.


Ал, Түркістан қаласын одан ары қарай дамуының 2-кезеңіне келетін болсақ, ол 4 аумақта жүзеге асырылатын болады:

1-аумақ – аэропорт аумағына 100 орындық қонақ үй, 3 самолетке арналған ангар, 400 га қара өрік бағы, 50 га жерге жылыжай, 10 мың бас ірі қара бордақылау кешені, 1 200 бас тауарлы-сүт өндіру фермасы салынады.

2-аумақ – Әкімшілік-іскерлік орталығында теннис орталығы, мұз сарайы, ат-спорт кешені, демалыс орындары және инженерлік инфрақұрылымы жүзеге аспақ. Сондай-ақ, 4,8 млн. шаршы метр тұрғын үй салып, 46 мың пәтер пайдалануға беру жоспарлануда. Денсаулық сақтау саласында 570 орындық көп бейінді аурухана, жедел медициналық жәрдем станциясы, және Ана мен бала орталығы салынады.

3-аумақ – Б.Саттарханов даңғылы бойында спорттық кешен, Яссы желілік саябағы, ірі сауда орталықтары, 182 га универститеттік ботаникалық бақ, Парк Лайн коттедж кешені салынады.

4-аумақ – Мәдени-рухани орталықта Күлтөбе қалашығының тарихи нысандарын қалпына келтіру, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағын абаттандыру жоспарлануда.


Бұдан бөлек, Керуен Сарай тұрғын үй кешені, Аманат коттеджі қалашығы, Medina Palace қонақ үйі, Хилует мәдени-рухани орталығы салынады. Жалпы, Түркістан қаласын дамытудың 2-кезеңінде инвестициялардың көлемі 1,3 трлн. теңге, оның 1 трлн. теңгесі немесе 77%-ы жеке инвестициялар болып табылады. Жаңа Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде 2025 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 3,6 трлн. теңгеге жеткізіледі.