«Түйе балуан» атағын иеленген спортшы автокөлікке ие болады.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
«Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық – саяси газетінің жүлдесі үшін қазақ күресінен дәстүрлі 57-ші турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
1958 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан бұл жарыс Түркістан облысы Кентау қаласындағы «Б.Саттарханов» атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өткізіліп жатыр.
Аталған турнирге 60, 66, 74, 82, 90, 90+ келі салмақ дәрежелері бойынша Түркістан облысының әр аудандарынан жасақталған 12 команда, жалпы саны 80-нен аса спортшы қатысқан. Бұл салмақ дәрежелері бойынша жүлделі орын алған балуандар «Оңтүстік Қазақстан» газет редакциясы, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Кентау қаласы әкімдігі тағайындаған бағалы сыйлықтар, дипломдармен марапатталады.
Ал, «Түйе балуан» атағын иелену үшін салмағы 82 келіден жоғары балуандар күш сынасады және жеңімпаз «Nexia» автокөлігіне ие болады.