«Адал жолды таңдаймыз» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық марафон эстафетасына Отырар ауданының 600-ге жуық жастары қатысты.
«Түркістан - Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесімен бастау алған жастар арасындағы «Адал жолды таңдаймыз» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық марафон эстафетасы киелі Отырар ауданынан үш бидің басын қосқан Ордабасы ауданына табысталды - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ауданда алғаш рет өткен эстафетаны табыстау рәсіміне жалпы 600 - ге жуық жастар қатыстып, патриоттық әндер шырқалды.
Іс-шараға арнайы қатысқан Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғ.Тұрсынбаев марафонға белсене қатысқан азаматтарға Алғыс хат тапсырды.
Жастар арасында «Адал жолды таңдаймыз» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өңірімізде алғаш рет өткізілуде.
Осы ретте, айта кетейік, марафон Департаменттен бастау алып әрі қарай, Түркістан, Кентау қалалары мен Созақ, Бәйдібек, Отырар аудандарында өтті.
Марафон аясында түрлі бағыттағы іс-шаралар барлық аудан, қала жастарының белсенді қатысуымен өтетін болады.
Марафонның соңғы форумы, яғни жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 7 желтоқсанда Халықаралық жемқорлыққа қарсыкүрес күні қарсаңында өтеді.