ТҮРКІСТАН: Ордабасыда күркетауық өсіру шаруашылығы дамып жатыр

0
982

52 000 бас күркетауық тұқымы инкубаторға салынып, 50 000 бас балапан өсіріліп жатыр.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда күркетауық өсіру шаруашылығы дамып жатыр

Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов Бадам ауыл округіндегі “Ордабасы құс” ЖШС-не барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Аталған кәсіпорын «Үдемелі индустриялды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмысын бастаған болатын. I кезеңі 2010 жылы іске қосылған. Өндіріс қуаттылығы жылына - 4 828 тонна. Жоба «КазАгроқаржы» АҚ-арқылы қаржыландырылған. Жобаның инвестициялық құны - 3 млрд. 249 млн.теңге, мұнда 280 жұмыс орны ашылған. II кезеңі 2014 жылы іске қосылған. Өндіріс қуаттылығы жылына - 8110 тонна. Жоба «КазАгроқаржы» АҚ-арқылы қаржыландырылған. Жобаның инвестициялық құны -2 млрд. 330 млн.теңге, ашылған жұмыс орны - 140 адам.


«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында күркетауық фабрикасына жалпы құны 128 млн. теңгеге газ құбыры мен ішкі автожолдар тартылған.


Былтыр қараша айының 14-жұлдызында 52 000 бас күркетауық тұқымы инкубаторға салынып, 50 000 бас балапан шығып, өсіріліп жатыр. Ал биылғы қаңтар айының 11-жұлдызында Франция мемлекетінен 54 000 бас күркетауық тұқымы әкелініп, инкубаторға салынып, 28 күнде балапан болып шығады деп жоспарланып отыр.


Нұрбек Бақтыбайұлы серіктестік қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тілеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жатқан үлестеріне алғысын білдірді. Сондай-ақ кейбір мәселелер бойынша әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін айтты.