Аталған бағытта жыл сайын шаруа қожалықтар саны артуда.
Ордабасыда «Ауыл аманаты» жобасы аясында құс шаруашылығы қарқынды дамып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ордабасы ауданында құс шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Аталған бағытта жыл сайын шаруа қожалықтар саны артуда. Соның бірі ордабасылық Ғабит Шалабаев етті бағыттағы құс шаруашылығымен айналысады. Кәсіпкер «Ауыл аманаты» бағдарламасымен 8 600 000 теңге несие алып, 5 890 бас балапан мен олардың жем-шөбін сатып алған. Дәл осындай кәсіпті Достар Оңалбаев та қолға алған. Ол бағдарлама аясында 7 000 000 теңге несие алып, 400 бас түйетауық өсіруде.
Аудан басшысы Азат Оралбаев қожалықтардың жұмысымен арнайы танысып, кәсіпті ұлғайта түсу мақсатында мемлекеттік қолдаудың жалғасатынын айтты. Сонымен қатар, аудан тұрғыны Мухибулла Шарафутдинұлы қазіргі таңда бөдене шаруашылғымен айналысады. Шаруа «Аққұс» атты фабрикасында 5 000 бас бөдене өсіріп жатыр. Ол алдын-ала кәсібіне қажетті құрал-жабдықтарын алдырып, 2-3 айлық бөнелерді 800 теңгеден сатып алған.