Қазіргі таңда оның 5 шақырымы толық аяқталып отыр.
Ордабасы ауданында 24 шақырымнан астам магистральды канал жөндеуден өткізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ордабасы ауданы Қараспан елдімекенінде жалпы ұзындығы 24,3 шақырымды құрайтын «Қараспан» магистральды каналы күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр.
Қазіргі таңда оның 5 шақырымы толық аяқталып отыр. Мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС-ң өкілі Самат Ергешбаевтың айтуынша, каналды жөндеу жұмыстары 2022 жылдың қараша айында басталған. 2024 жылдың соңында канал пайдалануға берілетін болады.
Тапсырыс беруші - Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы болса, мердігер мекеме - «Мелиоратор» ЖШС-і. Жобаның жалпы құны – 3 млрд 344 млн 721 мың 906 теңге.
Айта кетерлігі, канал толық аяқталған уақытта аудандағы 6 елдімекенді сумен қамтамасыз етеді.