ТҮРКІСТАН: Ордабасыда шыны өңдейтін цех іске қосылды

0
257

Зауыт айына 20 мың шаршы метр шыны өңдемек.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда шыны өңдейтін цех іске қосылды

Ордабасы ауданында шыны өңдейтін цех іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ордабасы ауданында «Стекло Rez» ЖШС-ң шыны өңдеу зауыты ашылды. Өндіріс орны «Бадам» индустриалды аймағындағы «KazKioti» ЖШС-ң базасында іске асырылған. Зауыт айына 20 мың шаршы метр шыны өңдемек. Сондай-ақ, онда екі ауысыммен 10 адам жұмыс істейтін болады. Бұл өнеркәсіп саласындағы өнімнің жаңа түрін шығаратын инновациялық жоба.


Өндіріс орнында Италияның озық технологиялық жабдықтары орнатылған.


Шикізат көзі Ресей, Түрікменстан мемлекеттерінен және Қызылорда қаласындағы «OrdaGlass» ЖШС-ң шыны зауытынан жеткізіледі. Онда шыныны үлкен температурада балқыту арқылы автокөлік, техника және архитектуралық ғимараттарға қажетті фасадтық терезе секілді түрлі қалыпқа келтірілген дайын өнім түрлері шығарылады. Бұл өнеркәсіп аудандағы өндіріс саласының даму үрдісінің кезекті көрсеткіші.

Бөлісу