ТҮРКІСТАН: Ордабасыда тағы бір ауыл табиғи газға қосылды

0
686

21,3 шақырымды құрайтын газ құбырының құрылысын биыл аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда тағы бір ауыл табиғи газға қосылды

Ордабасы ауданында Ынталы ауылына табиғи газ пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауылдық округіне қарасты Ынталы ауылына табиғи газ пайдалануға берілді. Аудан әкімі Азат Оралбаев пен аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісуге арнайы барып, газ жүйесінің іске қосылуымен құттықтады.


Аудан басшысы ауыл және елді мекендерді газдандыру жұмыстары жалғасын тауып, жыл соңына дейін Төрткүл, Қараспан ауылдық округтеріне қарасты ауыл тұрғындарына көгілдір отын жеткізілетінін айтты.


Ынталы ауылын табиғи газбен қамту құрылысын «Компания ГазСтрой» ЖШС жүргізді. 21,3 шақырымды құрайтын газ құбырының құрылысын биыл аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Қызметкерлер тарапынан жергілікті тұрғындарға жеке тұрғын үй секторларына газ кіргізу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар толық аяқталғанда, Ынталы ауылындағы 560 абонент толықтай газға қосылмақ.