ТҮРКІСТАН: Ордабасыда жол бойына полиция көлігі мен оқушы макеті орнатылды

0
1 040

Бұл бастама жол-көлік апатының алдын алу мақсатында қолға алынды.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда жол бойына полиция көлігі мен оқушы макеті орнатылды

Түркістан облысында полиция көлігі мен оқушының макеті қажетті орындарға орналастырыла бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қажетті профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Осыған сәйкес облыс көлемінде жол апаттары көп орын алатын жерлерге және оқушылардың мектепке қарай жүретін жаяу жүргіншілер жолағы тұстарына Түркістан облысы ПД ЖПҚ-нен күн сәулесімен қуатталатын макеттер таратылуда.

Ордабасы АПБ-де жол-көлік апатының алдын алу үшін арнайы дайындалған, жаңа форматтағы, күн энергиясымен қуатталатын патрульдік полиция автокөлігінің макетімен, мектеп оқушыларының жүргінші макеттерінен 10 данасы беріліп, белгіленген орындарға қойылған. Бұл дегеніміз, мектептердің жандарында оқушылар алаңсыз жолдан өтуге мүмкіндік.

Сонымен қатар, жылдамдықты асырып айдайтын көлік жүргізушілерін тыюға арналған пайдалы құрылғылар болып табылады. автожолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және рұқсат етілген қозғалыс жылдамдығын асырмау үшін ұйымдастырылған. Макет жүргізушілердің назарын аударады және бұл оларды баяу жүруге мәжбүр етеді.

Оған қоса, Ордабасы АПБ-нің қызметкерлерімен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларын болдырмау барысында аудан көлемінде орналасқан автоапаттылық учаскелердің жағдайы тексеріліп, аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жол белгілерін, яғни жаяу жүргіншілер өтпесі, бөлу жолағы белгілердің анық көрінуі, қайтадан жаңартуға ұсыныстар жіберілуде. Осылайша, алдағы уақытта облыстың барлық аудан-қалалары халықпен жол-көлік оқиғасының алдын алуға бағытталған полиция қызметкерлерінің арнайы көлігінің макеті орналастырып шықпақ.