ТҮРКІСТАН: Ордабасылық кәсіпкер ешкі сүтінен балмұздақ жасауды жоспарлап отыр

0
3 232

Бүгінде ​күніне 600 литр ешкі сүтін өндіреді.


ТҮРКІСТАН: Ордабасылық кәсіпкер ешкі сүтінен балмұздақ жасауды жоспарлап отыр

Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы "Ордабасы ешкі сүті өнімдері" өндірістік кооперативі күніне 600 литр сүт өндіруде, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

2017 жылдың ақпан айында құрылған "Ордабасы ешкі сүті өнімдері" өндірістік кооперативі Голландия елінен 330 бас "Зааненский" асыл тұқымды ешкі түрін алдырған. Қазіргі таңда ешкі басы 800-ге жеткен. Оның ішінде 300-ге жуығы сауынды бас. Бүгінде өндірістік кооперативі автоматтандырылған сүт сауу қондырғыларымен жабдықталған. Күніне 600 литр сүт өнідіріп отыр. Алдағы уақытта 2 мың бас сауынды ешкілердің санын арттырып, ешкі сүтінен балмұздақ цехын ашпақ.


"Ауыл шаруашылық кредит" корпорациясы арқылы 5,5 пайыздық нисие қаржысына ешкі сүтін сауатын италияндық құрылғысын және ешкі сүтін өңдейтін зауыт сатып алдық. Қазіргі таңда шикі сүт, пастерленген сүт, айранның майлылығына қарай 4 түрін, шұбат, қаймақ, сыр, кілгей, йогурт, ірімшік, құрт сынды өнімдерді шығарудамыз. Сұраныс жақсы, өнімдерімізді Шымкент қаласы мен Түркістан облысына жолдануда", - дейді "Ордабасы ешкі сүт өнімдері" өндірістік кооперативі құрылтайшысы Мейірхан Әбенов.


Айта кету керек, "Ордабасы ешкі сүт өнімдері" өндірістік кооперативінде 21 адам жұмыспен қамтылған, оның 7-і "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы арқылы жұмысқа қабылданған. Мемлекеттік бағдарлама арқылы жұмыс істеп жатқан азаматтардың жалақысының 35% мелекет төленіп отыр. Жұмысшылардың жұмыс кестесі 2 ауысымды, бүгінде оларға 70 мың теңге көлемінде жалақы төленуде.