ТҮРКІСТАН: Ордабасылық отбасының шаңырағында үшем дүниеге келді

0
1 068

Үш нәресте де ұл бала.


ТҮРКІСТАН: Ордабасылық отбасының шаңырағында үшем дүниеге келді

Түркістан облысының №1 облыстық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістандық Мақпал Абдурахимова №1 облыстық перинаталдық орталығында үш ұл босанды. Жаңа туған нәрестелерге Мәулен, Мардан, Мансур есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 2030 гр, 1675 гр, 1700 гр болған. Мерзімінен ерте туылған үшемдер дәрігерлерінің бақылауында. Периниталдық орталықтың медицина қызметкерлерінің көмегімен балалардың жағдайы жақсы.


Айта кетсек, үшем дүниеге келген отбасының ұлы бар. Көпбалалы ана — үй шаруасында отырған әйел, отағасы — жеке кәсіпкер.