ТҮРКІСТАН: Отырар ауданының тұрғыны есірткі өсіріп марихуана сақтаған

0
1 775

"Көкнәр" жедел алдын алу шарасы барысында анықталғанда.


ТҮРКІСТАН: Отырар ауданының тұрғыны есірткі өсіріп марихуана сақтаған

Түркістан облысы Отырар ауданының тұрғыны ауласына есірткі тектес өсімдік өсіріп, асханада марихуана сақтаған. Тәртіп сақшылары "Көкнәр"' жедел алдын алу шарасы барысында аталған тұрғынды әшкереледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Көкнәр» жедел алдын алу іс-шарасын өткізуі барысында Отырар ауданының барлық аймағын тексеріп, жүйелі жұмыстарды жүргізді. Полицейлер аталған жедел алдын алу іс-шарасын атқару барысында жергілікті тұрғынның ауласынан есірткі тектес өсімдік өсірілген алқаптың барын анықтаған. Тексерудің нәтижесінде егде жастағы ер адамның үйінде өсімдік тектес есірткі затын егетіні белгілі болған. Аталған жайтқа байланысты полицейлер шұғыл әрекет етіп, Отырар ауданы тұрғынының тұрғылықты үйін тексерді. Сөйтіп ауласынан 1400 түп есірткі тектес өсімдік пен үйінің асханасынан марихуанаға ұқсас есірткі затын тәркіленіп алынған. Тәркіленген заттар бірден сараптамаға жолданған. Оның қорытындысы бойынша 1400 түп есірткі тектес өсімдіктің сора, 1,2 кг көкнәр және 800 грамнан астам кептірілген марихуана екендігі анықталды. Бұл туралы Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аталған жайтты Отырар АПБ қызметкерлері СДТБТ-ға тіркеуге алып, ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» және 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша іс қозғалды. Бүгінгі таңда ұсталған күдіктіге байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлердің анықтауы бойынша күдікті сораны ауласына егіп, күнделікті баптап өсіріп, содан соң кептіріп үйінің асханасында сақтаған,"- делінген мәлімдемеде. Қазір күдікті қамауда. Оған қатысты бұлтартпау шарасы қолданылған.