ТҮРКІСТАН: «Отырар» мөлтек ауданында 36 тұрғын үй бой көтерген

0
1 033

6 гектардан астам аумақ абаттандырылып, көгалдандырылады.


ТҮРКІСТАН: «Отырар» мөлтек ауданында 36 тұрғын үй бой көтерген

Өмірзақ Шөкеев құрылысы жүріп жатқан ғимараттардағы жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевке «Отырар» мөлтек ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің сәулеттік келбетін ретке келтіру жобасы таныстырылды. Жаңа ауданда 5 қабатты 36 тұрғын үй бой көтерген. Мұнда аллея бойын түнгі жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, ғимараттардың қабырғасына мурал салынады. Яссы көшесінің бойында желілік саябақ пен субұрқағы бар заманауи гүлзардың құрылысы жүргізіледі. 6 гектардан астам аумақ абаттандырылып, көгалдандырылады.


Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарын аралау барысында жаңа жобалармен танысқан облыс басшысы оларға түзетулер енгізіп, мақұлдады. Қолға алынған барлық жаңа жобалардың шаһардың бүгінгі келбетіне сай болу керектігін ескертті. Облыс әкімі, сондай-ақ 20 қабатты жаңа тұрғын үй кешені мен әкімшілік ғимараты бар 20 қабатты тұрғын үйдің құрылыс басында болды. Жұмыс барысын бақылап, мердігерлермен кездесті.