ТҮРКІСТАН: Отырарда ағынсу мәселесі жіті бақылауда

0
781

Ауданның жаңа әкімі каналдарды аралады.


ТҮРКІСТАН: Отырарда ағынсу мәселесі жіті бақылауда

Отырар ауданында ағынсу мәселесін шешу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Отырар ауданының әкімі С.Сұлтанханов аудандағы ағын су мәселесі бойынша бірнеше ауылдарды аралады. Өйткені, қазір ағынсу аудан, облыс түгілі елімізде бұл өзекті проблемаға айналып отыр. Аймақтағы егін шаруашылығы аудан экономикасының негізгі драйвері болғандықтан осы ағын су тапшылығының алдын алу ең күрделі мәселелердің бірі болып тұр.


Соның ішінде Қарғалы ауылдық округіндегі Д.Алтынбеков каналынан су тұтынатын шаруалардың мәселесімен танысып, сала мамандарына тапсырма берді.


Сондай-ақ, Қоғам ауылдық округіндегі «Қызылту» насос стансасымен, Көксарайдағы «Есіркеп» каналымен, Маяқұмдағы «Маяқұм» және «Аштархан» каналымен, Балтакөлдегі «Қонай», «Ақкөл» каналдарымен танысып, шаруалардың талап-тілегін тыңдады.