Сенбіліктерге мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар, ауыл тұрғындары мен еріктілер атсалысуда.
Отырар ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Отырар ауданында қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда. Бүгінде акция аудандағы барлық ауыл округтерде өткізіліп жатыр. Сенбіліктерге мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар, ауыл тұрғындары мен еріктілер атсалысуда. Атқарылған жұмыстар барысында көше бойлары күл-қоқыстардан тазартылуда. Одан бөлек, арнайы орындар мен мекемелердің қоршаулары сырланып, ретсіз жатқан шөптер шабылды.
Жалпы сенбілік жұмыстарына аудандағы «Отырар – 2050» көгалдандыру мекемесі мен жергілікті кәсіпкерлердің арнайы техникалары жұмылдырылды. Жиналған қоқыс қалдықтары арнайы полигондарға жеткізілді. Сонымен қатар, ауданда тұрғындар тарапынан ауылды тазарту және көгалдандыру жұмыстарына белсенді түрде жүргізілуде.