"Аталған жайт Отырар АПБ-нің ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТБТ-не тіркеуге алынды.
Түркістан облысы, Отырар ауданында белгісіз біреулер үй ауласынан су маторы мен ағаш аралайтын электрлі арасын үптеп кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бұл туралы жергілікті тұрғын полицейлерге хабарласып арызданған.
"Аталған жайт Отырар АПБ-нің ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТБТ-не тіркеуге алынды. Осылайша учаскелік полиция инспекторы Әл-Фараби Әлсереев пен жедел уәкіл Нұрбеков Асхат арыз түскен сәттен бастап қылмысты жедел ашуға кірісті. Оқиға болған жерге барып сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, тез арада жеделдетілген іздестіру іс-шараларын атқарды. Жедел іздестіру шарасы нәтижесінде күдікті ер адам қолға түсті,"-деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ол Шардара ауданының тұрғыны боп шықты. Бұрын сотты болмаған. Жасы қырықтан асқан күдікті Шардара ауданының ауылдық округтерінің бірінен құрықталған. Тергеу барысы көрсеткендей, жәбірленуші отбасымен бірге кешкі сағат 18:00 шамасында жақын маңдағы туыстарының үйіне қонаққа шыққан. Сол сәтте көршінің үйіне қонаққа келіп, үйіне қарай кетуге қамданған ер азамат жәбірленушінің үйінен шығып бара жатқанын байқап, өзінің арам ойын іске асырған. Жәбірленуші біршама уақыттан соң үйіне келсе су алатын маторы мен электрлі арасының ұрланғандығын көреді. Күдікті көздеген заттарын жымқырғаннан соң, Шардара ауданындағы үйіне барып бой тасалаған.
Жәбірленушінің айтуы бойынша келтірілген жалпы шығын 50 мың теңгеге жуық. Сақшылар айғақты зат ретінде күдіктінің үйінен жымқырылған заттарды, яғни су шығаратын маторды тәркіледі. Ал, электрлі ағаш аралауға арналған араны ұрлаған күні-ақ сатып үлгерген. Қазіргі таңда ұсталған азаматқа қатысты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары оның тағы да басқа қылмыстық жайттарға қатысы бар-жоқтығын анықтау үстінде.