ТҮРКІСТАН: Отырарлық азамат өз ауылына көпір салып берді

0
684

Отырар ауданында игі шаралар жалғасын табып жатыр


ТҮРКІСТАН: Отырарлық азамат өз ауылына көпір салып берді

Отырарлық Нұрсейіт Құдіретілләұлы ауылдастарына арнап көпір салып, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Отырар ауданында игі шаралар жалғасын табуда. Соның бірі Ескі Шілік елді мекенінде ауыл арасындағы жол қатынасын қамтамасыз ету үшін Беларық каналының бойынан көпір салынып, ел игілігіне берілді. Ауыл тұрғыны Нұрсейіт Құдіретілләұлы ауылдастарына арнап көпір салып, елдің батасын алды.


Шара барысында Шілік ауыл округінің әкімі Айдархан Рүстемов ел ауызында көптен бері айтылып жүрген мәселеге бей-жай қарамай, көпір салу ісіне қолдау білдірген Гүлсара Сейтжанова мен оның тәрбиесін алған ұрпақтарына елдің атынан алғысын айтса, қоғам қайраткері Әлімжан Құртаев, ауыл имамы Әзімхан Жасеков сауабы мол қайырлы істі қолға алып, ел игілігіне қажетті көпір салып берген азаматтың өнегелі ісіне ризашылықтарын білдірді.


Жиында ауыл ақсақалы Хабибулла Тұрысов ақ батасын беріп, «Халық көпірдің игілігін көрсін, еліміз өркендеп, ауылымыз көркейе берсін» деп елдің амандығын тіледі. Сондай-ақ ауыл әкімі игі іс жасап, елдің алғысына бөленген азаматқа құрмет көрсетті.