ТҮРКІСТАН: Өзі баққан малды ұрлап сатқан бақташы ұсталды

0
870

Жамбыл облысының тұрғыны өз кінәсін толық мойындады.


ТҮРКІСТАН: Өзі баққан малды ұрлап сатқан бақташы ұсталды

Түркістан облысы полицейлері өзі бағып жүрген қойды ұрлап, сатып жіберген бақташыны анықтады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып, өз сөзінде аудандағы ауылдардың біріндегі шаруа қожалыққа 15 бас саулық қойын апарып, бағуға сеніп қосқанын, біршама уақыттан кейін малдарын түгелдеуге барғанында 10 бас қойы жоқ болып шыққанын жеткізген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу" бойынша тіркеліп, СДТТБТ-не енгізіледі.

Сондай-ақ, оқиға орнына аудандық тәжірибелі полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы жетіп, қажетті іс-шараларды жүзеге асырған. Куәгерлерден жауап алып, жақын аймақтарды аралап шығып, 3 тәулік мұқият тексеру жұмыстарын жүргізудіңнәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы бұл қылмысқа жәбірленуші малын сеніп тапсырған бақташының қатысы бары анықталған. Жамбыл облысының тұрғыны өз кінәсін толық мойындады.

Атап айтсақ, тергеу барысында бақташы қойларды түрлі бағаға бағалап, Түлкібас ауданында сатып жібергені белгілі болды. Ақшасын өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Тәртіп сақшылары айғақты зат ретінде ұрланып, сатылған малдарды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.

Қазіргі таңда бақташы Түлкібас АПБ-не жеткізіліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы "қолхатта".