ТҮРКІСТАН: Полицей өзіне қол жұмсаған азаматты құтқарып қалды

0
1 217

Асылып қалған азаматты бірінші болып әйелі байқаған.


ТҮРКІСТАН: Полицей өзіне қол жұмсаған азаматты құтқарып қалды

Түркістан облысының Қазығұрт ауданының тұрғыны өз-өзіне қол жұмсап, өмірмен қоштаспақ болған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қазығұрт ауданында сәуірдің 1-нен 2-не қараған түні шамамен сағат 1:30-да күйеуінің асылып қалғанын көрген әйелі көршілерінен көмек сұрайды. Қазығұрт АПБ-нің полиция аға лейтенанты, аға тергеуші Серік Түймебаев көршісінің көмек сұрағанын естіп, уақыт жоғалтпай, шұғыл әрекет етеді. Жіпте асынған ер азаматты босатып алып, жедел жәрдем көлігі келгенше алғашқы көмегін көрсетеді. Содан кейін тергеуші АПБ-нің кезекші бөліміне хабарлайды.

Қазіргі таңда ер азамат ауруханада, жағдайы қанағаттанарлық. Өз кезегінде полицейлер ер азаматтың суицидке баруының себептерін анықтап жатыр.