ТҮРКІСТАН: Полицей суицидке ұмтылған азаматты құтқарып қалды

0
1 184

Жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы, полиция лейтенанты Мұрат Джұрықбаев хабарланған жерге жедел жетіп, ер адамның үй шатырынан секіруге оқталып тұрғанын байқаған. Ол жас жігітке сақтықпен жақындап, қас қағым сәтте оны қапсыра құшақтап, қауіпсіз жерге​ қойған.


ТҮРКІСТАН: Полицей суицидке ұмтылған азаматты құтқарып қалды

Иллюстрациялық фото: Ғаламтордағы ашық дереккөзден алынды

Түркістан облысының Созақ ауданында учаскелік полицей өзін өзі өлтірмек болған жас жігітті құтқарып қалды - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

14 сәуір күні кешқұрым уақытта көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің шатырынан ер адамның құлағалы тұрғанын байқап қалған тұрғындар дереу тәртіп сақшыларына хабар берген. Жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы, полиция лейтенанты Мұрат Джұрықбаев хабарланған жерге жедел жетіп, ер адамның үй шатырынан секіруге оқталып тұрғанын байқаған. Ол жас жігітке сақтықпен жақындап, қас қағым сәтте оны қапсыра құшақтап, қауіпсіз жерге қойған. Сол сәтте учаскелік полиция инспекторына Созақ аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметкерлері көмекке келіп үлгерген. Полицейлер жас жігітке медициналық және психологиялық көмек көрсетті. Өз өмірімен қош айтыспақ болған жас жігіт Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Анық болғаны, жап жас жігітті суицидке қаржылық тапшылық, қаражат қиындығы итермелеген көрінеді.

"Аталған дерек полиция бөліміндегі алдын ала тергеу тізіліміне тіркелді. Қазір болған оқиғаның барлық жағдайы анықталуда"-деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.