ТҮРКІСТАН: Полицейлер адам тонаған қылмыскерді ұстады

0
1 377

Шардара қаласында адам тонаған қылмыскер 3,5 жылға сотталды.


ТҮРКІСТАН: Полицейлер адам тонаған қылмыскерді ұстады

иллюстрияциялық фото: Ғаламтордағы ашық дереккөзінен

Өткен жылы Шардара қаласында ер адам мас күйінде жәбірленушіге шабуылдап, оның ақшасын, ұялы телефонын күшпен тартып алып, артынша ізін суытқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қылмысты ашу мақсатында, тәртіп сақшылары күдіктіні анықтауға қатысты барлық қажетті іс-шараларды жасаған. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Шардара АПБ тонауға қатыстылығын мойындаған жергілікті тұрғынды қамауға алынды. Тонау дерегі бойынша жинақталған материалдар айыптау актісімен бірге сотқа жолданды. Қазіргі уақытта сот тонаушыға шартты түрде 3,5 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақтық шараларын сақтауды, тонаудың не көше қылмыстарының құрбаны болмауын ескертеді. Мүмкіндігінше, көшеде мас күйінде немесе жалғыз серуендемеуге шақырады. Түнгі уақытта жарықтандырылған көшелермен жүруге, үйдің шығаберісінен немесе жеделсатыдан шыққанда абай болуды ескертеді.
Сондай-ақ, көшеде немесе қоғамдық орындардарда бағалы заттар, әмиян не қымбат телефондарды ашық көрсетіп жүруден сақ болғанымыз жөн. Бейтаныс не мас күйдегі адамдардың тобынан алшақ жүріңіз, өзіңізге қауіп төнген жағдайда қатты дауыстап көмекке шақырыңыз. Тәжірибе көрсеткендей, тонау туралы уақытылы хабарлау, қылмыстың басым көпшілігінің «ізін суытпай» ашылуына көп көмегін тигізеді.
"Егер сіз тонаушылықты байқасаңыз не танысыңыздың тонаушылыққа қатыстылығын білсеңіз немесе қандай да бір қылмыстың куәгері болсаңыз, тез арада полицияның 102 номеріне хабарласыңыз "- деп ескертеді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.