Түркістан облысының полицейлері 3 жыл бұрын қылмыс жасап көрші елге қашқан азматты ұстап, елге қайтарған болатын. Сот қылмыскерді 4 жылға шартты түрде соттады.
Қазығұрт АПБ Криминалдық полицияның қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру іс-шаралары аясында тонау қылмыстарына қатысы бар деген күдікпен екі жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді құрықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
2016 жылдың жазында полиция бөліміне Қазығұрт ауданының тұрғынының үйіне шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түседі. Күдіктілер жәбірленушінің үйіне кіріп, 4 миллионнан астам теңгенің бағалы әшекей бұйымдарын жымқырған. Аталмыш жайт ҚР ҚК-нің 191 «тонау» бабымен СДТБТ-не тіркеуге алынған болатын.
Сол жылы жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер қашып жүрген екі күдіктіні ұстап, соттың үкімімен шартты түрде 5 және 6 жылға бас бостандығынан айырған еді. Ал екі жыл бойы іздеуде жүрген үшінші күдікті Ресей Федерациясында жасырынып жүрген.
2018 жылы Қазығұрт АПБ-нің жедел уәкілдері ресейлік әріптестерімен бірлескен іздестіру іс шараларының нәтижесінде күдіктіні Ресей Федерациясының Курган облысында ұстады. Өткен жылдың күзінде күдікті Қазақстан Республикасына экстрадацияланды. Қазіргі таңда соттың шешімімен айыпталушы шартты түрде 4 жылға бас бостандығынан айырылып отыр.
"Түркістан облысы полицейлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 2018 жыл бойынша 170-тен астам қылмыскерлер, оның ішінде 20-сы тонау бойынша іздестіріліп табылған",-деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің баспасөз қызметі