ТҮРКІСТАН: Польшалық инвесторлар балық шаруашылығын дамытуға ниетті

0
1 190

Оның ішінде ақсерке балығын өсіруді жоспарлауда.


ТҮРКІСТАН: Польшалық инвесторлар балық шаруашылығын дамытуға ниетті

Польшалық инвесторлар Шардарада балық шаруашылығын дамытуға ниетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды балық балық шаруашылығын дамыту бағытында инвестиция тарту жұмыстарын күшейтіп, жүйелі жолға қоюды міндеттеген болатын. Осы ретте Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев Польша елінің «BG Production» балық шаруашылығымен айналысатын компания өкілдерімен кездесті. Олар балық өсіру, балық пен құсқа арналған жем шығару кешені жобасын іске асыруға ниетті. Оның ішінде ақсерке (лосось) балығын өсіруді жоспарлауда.


Компания алдағы 4 айда балық өсіру кешені құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеп, жобаны іске асыруға арналған барлық құжаттамаларды рәсімдеуді көздеп отыр.


Аталмыш компания балық өнімдерін еуропадағы ең ірі экспорттаушы кәсіпорындардың бірі саналады.


Аудан әкімі инвесторларға ауданның балық шаруашылығымен айналысуға мүмкіндігі жоғары екендігін айтып, алдағы уақытта бұл бағыттағы жобаларға қолдау білдіретіндігін жеткізді.


Сондай-ақ салаға жауапты мамандар инвесторларға ауданның балық өңдеп, өсіретін кәсіпорындарын аралатып, олардың мүмкіндіктерімен жобаларын таныстырды.