ТҮРКІСТАН: Праймериз жеңімпазы сайрамда ет комбинатын салмақ

0
703

«Қайып ата» ЖШС-нің директоры.


ТҮРКІСТАН: Праймериз жеңімпазы сайрамда ет комбинатын салмақ

Сайрам ауданы ет экспортына мол үлес қосатын болады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Алдағы жылдары еліміздегі ет экспортын арттыруға Сайрам ауданының қосар үлесі зор болмақ. Өйткені мұнда алдағы екі-үш жылда заманауи үлгідегі әлемдік стандарттарға толық жауап беретін ең ірі ет комбинатын салу көзделіп отыр. Ол үшін Сайрам ауданының ауыл шаруашылығы потенциалы толық жеткілікті. Бүгін бұл туралы Сайрам ауданында өткен «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалының кезектен тыс 43 конференциясында пікірсайысқа шыққан «Қайып ата» ЖШС-нің директоры Сырым Ертаев мәлім етті.

«Сайрам ауданы елімізге ет өнімдерін ең көп өндіретін өңір ретінде кеңінен танымал. Қазірдің өзінде мал бордақылау алаңдары мен мал сою орындары аз емес. Бірақ бұл ет экспортын алға ілгерілетуге аздық етеді. Сондықтан Сайрам ауданынан заманауи әлемдік стандартқа сай ірі ет комбинатын салуға болады. Мұнда бәрі комплексті түрде жүзеге асырылуы тиіс. Тіпті бордақылауға қажетті жем-шөптің бәрі арнайы тексерістен өтіп, өзімізде дайындалуы керек. Сонда біз 200 келілік мал салмағын 500 келіге дейін семіртуге жағдай жасай аламыз», – деді кәсіпкер.