ТҮРКІСТАН: QAZVAC вакциасының 50 мың дозасы жеткізілді

0
431

141 екпе қабылдау пункттері жұмыс істеп тұр.


ТҮРКІСТАН: QAZVAC вакциасының 50 мың дозасы жеткізілді

Түркістан облысындағы Жамбыл облысындағы фармацевтикалық зауыттан 50 000 доза көлемінде отандық вакцина жеткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жалпы вакцинация басталғалы Түркістан облысына 816 645 доза келіп жеткен. Айта кетейік, 769 707 адам вакцинаның бірінші құрамын салдыруға ниет білдірген. Екінші компонентін 621 313 адам қабылдаған. Бүгінде өңір тұрғындары ресейлік «Спутник V», отандық QazVac, Sinopharm компаниясының HayatVax екпесі, Қытайдың жасап шығарған CoronaVac және Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасын қабылдай алады. Қазір облыс аумағында 141 екпе қабылдау пункттері жұмыс істеп тұр.


Бүгінде облыс «жасыл аймақта» тұр. Өңірде 6 қыркүйекте COVID-19 індетінің 53 жағдайы тіркелді. Тәуліктік өсім 0.40 % құрайды. Қазір инфекциялық стационарларда барлығы 2 600 орын бар. Мұнда 950 науқас ем қабылдап жатыр. Коронавирустық инфекцияның әртүрлі сценариіне байланысты инфекциялық төсек-орын санын 5 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Жалпы пандемия белең алғалы КВИ-дің 13 238 жағдайы анықталды. Сондай-ақ, бүгінге дейін 987 726 ПТР сынамасы алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 1226 адам тексерілді.


Қазір вакцина сақтайтын қоймада көлемі 300 литр құрайтын 2 дана мұздатқыш (-20оС) бар. Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен көлемі 143 литр құрайтын 20 дана мен 601 литр құрайтын 2 дана мұздатқыш сатып алынып, толық жеткізілді.