ТҮРКІСТАН: Р.Скляр мен Ө.Шөкеев екі отбасын шаңырағына барып құттықтады

0
824

Мақтааралда үй салуға «Nur Otan» партиясы мен басқа да қазақстандық кәсіпкерлер атсалысты.


ТҮРКІСТАН: Р.Скляр мен Ө.Шөкеев екі отбасын шаңырағына барып құттықтады

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы үй табыстау іс-шарасы мерекеге ұласты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Nur Otan» партиясы мен басқа да қазақстандық кәсіпкерлер Түркістан облысындағы апаттан зардап шеккендерге қолдау көрсетуде елеулі үлес қосты. Еліміздің түкпір-түкпірінен 700 тоннадан астам келген азық-түлік пен гуманитарлық көмек келді. Су басқан аймақтағы әрбір тұрғын республика бюджетінен 100 мың теңгеден қаражат алды. «Болат Өтемұратов қоры» зардап шеккендерге үй салып беру үшін 6 млн. доллар бөлді. Сондай-ақ, Ресей кәсіпкері Әлішер Усмановтың қорынан эвакуацияға ұшыраған тұрғындар үшін 5,2 млн $ аударылып, бұл қаржы 5202 отбасына (30 420 адам) 1000 АҚШ долларынан үлестірілді.

Бүгінде Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуынан зардап шеккен үш ауыл тұрғындары үшін Мырзакенттен жаңа қалашық бой көтерді. 386 үйдің ішінде 196 тұрғын үйі үкімет резервінен бөлінген қаражат есебінен, 150 үй Болат Өтемұратов қорының қаржысына салынды. Одан бөлек, 40 баспана «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» қоры мен «Салиқалы ұрпақ» қорларының қолдауымен бой көтеріп, бүгін иелеріне табысталды.

«Біздің қорымыздың құрылтайшысы Болат Өтемұратов қазақстандық меценаттар ішінен алғашқы болып көктемде болған апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетуді шешті. Ол 6 млн. АҚШ долларын бөліп, оларды апат салдарынан баспанасыз қалған 150 отбасына арнап үй салуға жұмсады. Бұл өңірдің қайта құрылуына ең қомақты үлес және салынған үйлердің ең жоғарғы саны боп есептеледі. Жобаны іске асыру барысында біз ең жақсы материалды таңдап, жұмыс сапасын қатал қадағаладық. Пандемия мен карантинге байланысты қиындықтарға қарамастан, төрт айдың ішінде жобаны орындадық», – деді Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

Салтанатты шара соңы мерекелік концертке ұласты. Тұрғындардың қуанышын бөліскен Премьер-министрдің орынбасары Р.Скляр мен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев баспаналы болған 2 отбасының шаңырағына кіріп, құтты болсын айтты.