ТҮРКІСТАН: Сайрамда Абылай ханға ескерткіші орнатылды

0
4 300

Сайрам ауданындағы Ханқорғандағы "Қазақ ханы" деп аталатын ескерткіштің биіктігі 3.5 метр, ал салмағы 11 тонна. Ескерткішті республикаға белгілі Әлімжанов, Абылаев, Қосақов, Құралбеков, Оспанов сынды мүсіншілер дайындаған.


ТҮРКІСТАН: Сайрамда Абылай ханға ескерткіші орнатылды

Сайрам ауданы, Ханқорған ауылында Ұлыстың Ұлы күні әз - Наурыз мейрамы қарсаңында Абылай ханнның ескерткіші орнатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ханқорғандағы "Қазақ ханы" деп аталатын ескерткіштің биіктігі 3.5 метр, ал салмағы 11 тонна. Ескерткішті республикаға белгілі Әлімжанов, Абылаев, Қосақов, Құралбеков, Оспанов сынды мүсіншілер дайындаған.

Аталған ескерткішке Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, ҚР ҰҒА академигі Лесбек Тәшімов демеушілік көрсетіпті. Ескерткіштің ашылу салтанатына облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиев, ҰҒА академигі Бауыржан Байтанаев және аудан әкімі Бақтияр Мамаев арнайы қатысып, сөз сөйледі.

Шара барысында облыс бас имамының орынбасары Бекайдар Әміреев бабалар рухына Құран бағыштап, ауылдың зиялы қауым өкілдері жүрекжарды лебіздерін білдіріп, әжелер шашу шашты.

Айта кетейік, даңқты қолбасшы, кемеңгер хан Абылай ханның соңғы демі Ханқорғанда үзіліп, сүйегі Түркістанға қойылған.