ТҮРКІСТАН: Сайрамда бидай алқабы 15 800 гектарға ұлғаяды

0
3 453

Сайрам ауданында картоп алқабы да 3 мың гектар жерге ұлғаяды.


ТҮРКІСТАН: Сайрамда бидай алқабы 15 800 гектарға ұлғаяды

Биылғы жылы Сайрам ауданында 53 мыңнан аса гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Нақтырақ айтқанда, биыл бидай алқабын 15 800 гектарға ұлғайту көзделіп отыр. Ал, арпаны 1800 гектарға егу жоспарлануда екен. Сонымен қатар, дәндік жүгеріні 350 гектарға, бұршақты дақылдарды 150 гектарға, мақсарыны 10 100 гектарға орналастыру межеселеніп отыр.

Мұнан өзге, 100 гектар жерге күнбағыс егу де жоспарда бар. Ал, 12 300 гектарға ескі жоңышқа сеуіп, 4100 гектарға жаңа жоңышқа егілмек. Сондай-ақ, 200 гектарға сүрлемдік жүгері дәні себіледі екен.

Сайрам ауданында көкөніс 4500 гектарға егіледі деп жоспарланып отыр. Картопты болса, 3500 гектар жерге егетін болды. Айта кету қажет, бұл өткен жылмен салыстырғанда 752 гектар жерге артық егіс егіледі деген сөз. Оның ішінде картоп егістігінің көлемі 3500 гектарға ұлғаяды екен.