ТҮРКІСТАН: Сайрамдағы көпшілік орындарда радио арқылы хабар таратылып жатыр

0
210

Бұдан бөлек, тұрғындардың әсем әуен, рухты күймен сусындап, рухани тұрғыда қуаттануына өзіндік үлесін қоспақ.


ТҮРКІСТАН: Сайрамдағы көпшілік орындарда радио арқылы хабар таратылып жатыр

Сайрам ауданында көпшілік орындарда «Қазақ радиосы» арқылы хабар тарату бастамасы қолға алынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Сайрам ауданында жаңа бастама қолға алынды. Аудан әкімі Арман Сәбитовтің тапсырмасына сәйкес, «Қазақ радиосы» мен «Шалқар» радиосының хабарлары ауданға қарасты ауылдарда күнделікті таратылуда.


Жаңадан іске қосылғалы жатқан аталмыш радиотолқын желілері тұрғындарға мемлекеттік тілде тәулік бойы елден айшықты ақпараттар жеткізеді. Бұдан бөлек, тұрғындардың әсем әуен, рухты күймен сусындап, рухани тұрғыда қуаттануына өзіндік үлесін қоспақ.


Осылайша, халық көп орналасқан қоғамдық орындар мен орталық көшелерде, мәдениет ошақтарында көпшілікке түрлі тақырыптардағы танымдық дүниелердi тыңдауға мүмкіндік туады. Осы арқылы өскелең ұрпақтың салиқалы тұлға ретінде қалыптастыру, қазақ тіліндегі құнды дүниелерді көпшіліктің санасына сіңіру көзделіп отыр.