Арнайы мобильдік топтар қайта құрылған.
Бәйдібек ауданында санитарлық-дизенфекциялық жұмыстарды қадағалау үшін арнайы мобильдік топтар қайта құрылған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, Бәйдібек ауданы әкімінің 2020 жылғы 26 мамырдағы №166 өкімімен аудан халқы арасында COVID-19 коронавирустық жұқпасы таралуының алдын алу мақсатында барлық нысандардың санитарлық-дизенфекциялық жұмыстарын қадағалау үшін арнайы мобильдік топ қайта құрылған. Аталған топ құрамына ауылдық округтерге жетекшілік жасайтын аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, тиісті дербес бөлімдер және полиция қызметкерлері мен кәсіпкерлік палатасының өкілдері, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары енгізіліп, күнделікті рейдтік шаралар ұйымдастырылып жатыр.
Атап айтсақ, қазіргі уақытта ауданға қарасты барлық елді мекендердегі дүкендерге ескерту жасалып, жұмыс күндері таңғы сағат:10.00-ден кешкі сағат: 20.00-ге дейінгі аралықта, демалыс күндері таңғы сағат:10.00-ден кешкі сағат: 18.00-ге дейінгі аралықта жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар қоғамдық тамақтану объектілері, шаштараздар және тағы да басқа нысандар белгіленген уақыттарда қызмет етуде.
Аудан орталығы Шаян ауылындағы С.Әлжанов көшесінің бойындағы дүкендер, қоғамдық тамақтану орындары, шаштараздар тағы да басқа нысандар Түркістан облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес кешкі сағат:20.00-ге дейін жұмыс жасап, қазіргі таңда жабық тұр.