​ТҮРКІСТАН: Сарыағаш ауданының кубогі сарапқа салынды

0
1 586

Жайдарманның «Маусымашар» ойындарына ауданнан 30 команда өнер көрсетті.


​ТҮРКІСТАН: Сарыағаш ауданының кубогі сарапқа салынды

Сарыағаш ауданының жайдарманшылары аудан әкімінің кубогына таласты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жайдарман – достық мекені» тақырыбында жайдарман ойындарының финалы өтті.

«Маусымашар» ойындарына аудан бойынша 30 команда өнер көрсетіп, өз кезегінде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан 6 команда финал ойынына жолдама алған болатын. Финал ойындарына шыққан «Трипл Д», «Ұлы Дала жастары», «Тегісшіл жастары», «Комбайн», «Жұрттың балалары», «Таң қалма» атты командалар өз бақтарын сынады.

Жайдарман ойынын арнайы келген аудан әкімінің орынбасары Таскулов Смайл Әбубәкірұлы сайысты салтанатты түрде ашып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Жайдарман ойындары "Сәлемдесу", "5 жаңалық", "Үй тапсырмасы" бойынша үш кезеңнен өтіп, өнер көрсетіп, өзара бақтарын сынап, үй тапсырмасының шарттарын жоғарғы деңгейде көрсеткен командарлар жеңіске жетті.

Таласты тартысқа толы өткен финалдық бәсекеде, қазылар алқасының ұйғарымымен жүлделі үшінші орынды «Ұлы Дала жастары» командасы иеленсе, екінші орын «Таң қалма» командасына бұйырды. Ал, жеңімпаз атанып, жүлделі бірінші орынды иеленген «Тегісшіл жастары» командасы үлкен кубокті қанжығалады.

Финалда жеңіске жеткен әр командаға аудан әкімінің арнайы дипломы табысталып, сый-сияпат жасалынды.