ТҮРКІСТАН: Сарыағаш ауданының мәдениет күндері өтті

0
612

Зиялы қауым өкілдері, өнерпаздар, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаш ауданының мәдениет күндері өтті

Сарыағаш ауданының Түркістандағы мәдениет күндері өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс орталығындағы «Керуен сарай» туристік кешенінде Сарыағаш ауданының мәдениет күндері өтті. «Түркістан текті төріміз» атты үш күндік концерттік бағдарламада «Түркістан төрінде – саялы Сарыағаш» тақырыбында кеңейтілген кітап көрмесі, қолөнер көрмесі, аудан өнерпаздарының концерті ұйымдастырылды.


Облыс әкімінің бекітілген тапсырмасымен 2022 жылдың 4 наурызынан бастап «Түркістан – Түркі әлемінің жүрегі» атты аудан, қалалардың Түркістан қаласындағы мәдениет күндері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Мәдени іс-шараға Сарыағаш ауданының зиялы қауым өкілдері, өнерпаздары және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.


Мерекелік шарада ауданнан шыққан өнер майталмандары, Сарыағаш аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары, «Саялы Сарыағаш» этно-фольклорлық ансамблі мен «Сарыағаш» вокалды аспаптар ансамблі халықаралық, республикалық және облыстық байқау жеңімпаздары, аудандық мәдениет үйіне қарасты ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарының өнерпаздары көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.