ТҮРКІСТАН: Сарыағашта 100 мыңнан астам адам екпе салдырған

0
522

Вакцинация 14 егу пунктері мен жылжымалы кешендерде жүргізіліп жатыр.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта 100 мыңнан астам адам екпе салдырған

Сарыағаш ауданында 101 700 адам екпе алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінгі таңда Сарыағаш ауданында екпе егу жұмыстары қарқынды. Вакцинациялау жұмыстары 14 егу пунктері мен жылжымалы кешендерде жүргізілуде. Ауданда екпе салдыруы тиіс 101 700 адам толығымен вакцинаның 1-ші компонентін қабылдады.


Аудан бойынша екпе салдыруы тиіс азаматтар арасында вакцинаның бірінші компонентін соңғы болып қабылдаған Көктерек кентінің тұрғыны Бекжан Атамбаев болды. 5 баланың әкесі Б.Атамбаев бүгінгі таңда көлік жүргізуші болып жұмыс жасайды. Ол бұл қадамға өзімен отбасының қауіпсіздігін ойлағандықтан барғанын айтады. Сонымен қатар, өзіміздің денсаулығымыз үшін қазіргі мынандай індетте екпе алу керек деп ойлайды.


Айта кетсек, пандемия басталғалы жалпы 176 061 ПТР сынамасы алынып, індеттің 596 жағдайы тіркелді. Оның 146-сы симптом байқалмаған. Бүгінде эпидемиологиялық ахуал матрицасы бойынша Сарыағаш ауданы «жасыл» аймақта. Мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 250 орын бар, 170 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 80 науқас емделуде. Аудандық ауруханада 146 оттегі аппараты мен 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған.